Футбол: Қатардағы Әлем чемпионаты тарихи нәтижемен басталды
Футболдан 2022 жылғы Қатар жасыл алаңдарында басталған 22-ші Әлем чемпионаты ерекше тарихи нәтижемен басталды.
Бүкіләлем күткен турнир ашылуының алғашқы кездесуі алаң иелері Қатар мен Эквадор арасында өтіп, Латын Америка елінің жеңісімен аяқталды. Есеп 0:2. Бұл нәтиже Әлем чемпионаттары тарихында алғаш рет болып отыр. Бұған дейінгі өткен 21 турнирдің ешбірінде алаң иелері жеңілмеген болатын.
Араб елдерінде алғаш рет ұйымдастырылған турнирдің бірінші кездесуінде «Фенербахче» шабуылшысы Эннер Валенсияның дубльі қонақ командаға жеңіс әкелді.

Осылайша Эквадор «А» тобында 3 ұпаймен көш бастады.
Бүгін осы топтағы Сенегал - Нидерланды кездесуі өтеді. Сарапшылардың пікірінше бұл топта Луи ван Гал шәкірттері фаворит саналуда және олар турнирде чемпион болмаса да, үздік үштікке енуі мүмкін.