Футбол: Норвегия чемпионатының кездесуінде футболшының жүрегі тоқтап қалды
Норвегиялық «Согндал» командасының жартылай қорғаушысы Эмиль Палссон ел чемпионатының 27-ші турында «Стьордалс-Блинкке» қарсы ойында жүрегі тоқтап, алаңда құлап қалған.
TV2 порталының хабарынша, оқыс жағдай кездесудің 12-минутында орын алған. Онда 28 жастағы исландиялық ойыншы жасыл алаңа құлап түскені айтылады.
Дәрігерлердің жылдам әрекеінің арқасында, ойыншыны 11 минут ішінде реанимациялап аман алып қалды. Содан кейін Эмиль Палссонды ауруханаға жеткізген.
Осы жағдайға байланысты матч жалғаспай, белгісіз мерзімге шегерілді.
Еске сала кетсек, Еуро-2020 турнирі ойындарынан орын алған Дания – Финляндия кездесуінде даттар құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен дәл осы жағдайға ұқсас жүрек талмасынан жасыл алаңда құлап қалған болатын.