Футбол корольі Пеле қайтыс болды
«Футбол корольі» атанған бразилиялық аңыз футболшы Пеле, 29 желтоқсан күні өмірден озды.
Футболдан тарихтағы жалғыз үш дүркін әлем чемпионы 83 жасына қараған шақта ұзаққа созылған ауыр деттен ажал құшты.
Оның қайтыс болғанын қызы Келли Кристина Instagram желісінде хабарлап, «Бізде бар нәрсенің бәрі сіздің арқаңызда. Біз сізді шексіз жақсы көреміз. Жатқан жеріңіз жайлы болсын» деп жазба қалдырған.
Э́дсон Ара́нтис ду Насиме́нту (Пеле) – аладоп шебері ретінде әлем чемпионатын үш рет жеңіп алған жалғыз футболшы (1958, 1962 және 1970 жылдары). Ол төрт әлем чемпионатының қатысушысы. 1970 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы және ФИФА футбол комиссиясының нұсқасы бойынша 20 ғасырдың үздік футболшысы атанған.