Футбол командасы жейде артындағы санды QR кодқа ауыстырды
Орталық Флорида университетінің (UCF) футбол командасы жейде артындағы нөмірді QR кодты таңбаға ауыстырды.
UCF футбол командасы бұл жаңалықты Twitter-де жариялады. Енді америкалық футбол ойыншыларының жейдесіндегі есімінің астында арнайы QR код бар. Оны сканерлеу арқылы команда веб-сайтына кіріп, футболшының өмірбаянымен танысу мүмкін.

Ойыншылардың QR кодтары команданың үй стадионындағы джамботронда (үлкен экран) көрсетілетін болады.