Футбол: Жолдастық кездесуде Өзбекстан ірі есеппен жеңді
30 мамыр күні, Өзбекстан құрамасы Дубайда Таиланд футбол құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізіп, ірі есепте жеңіске жетті.
Қатарда өтетін 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеру жарыстарына дайындық негізінде өткен достастық кездесуде Таиландтық футболшылар соққан жалғыз голға Өзбекстан құрамасы ойыншылары төрт гол мен жауап берген.
ӨФА-ның ресми сайтының хабарлауынша, есепты 60-минутта тай футболшылары ашқан. Содан кейін ойын соңына дейін 65, 70, 73, 90 минуттарда өзбекстандық футболшылар Таиланд қақпасына төрт гол соққан.
Осылайша жолдастық кездеу 4:1 есебінде Өзбекстан құрамасының жеңісімен аяқталды.
Өзбекстан құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатының екінші іріктеу кезеңі аясында мына құрамаларға қарсы алаңға шықпақ:
7 маусым. Өзбекстан - Сингапур.
11 маусым. Йемен - Өзбекстан.
15 маусым. Сауд Арабиясы – Өзбекстан.