Футбол: Германия бундеслигасы бүгін кездесулерді бастайды
25-тур нәтижесіне орай 55 ұпаймен «Бавария» көш бастап келеді
Коронавирустық пандемиядан соң араға екі ай салып Еуропадағы ТОП-5 чемпионаттар ішінде алғашқылардан болып Германия бундеслигасы бүгін өз чемпионатындағы кездесулерді бастайды.
16 мамыр күнгі дата бойынша маусымның 26-тур ойындарына старт беріледі. Деседе жасыл алғадағы жанкешті кездесулер жанкүйерсіз өтетін болады. Бұл жағдай қай уақытқа дейін жалғасары қазірге белгісіз. Турнир нәтижесіне орай 55 ұпаймен «Бавария» көш бастап келеді. Ал осы аралықта Левандовски 25 голымен алғы шепте тұр.
Сенбі күнгі өтетін 26-тур матчтары:
«Боруссия Д» - «Шальке 04»
«Лейпциг» - «Фрайбург»
«Хоффенхайм» - «Герта»
«Фортуна» - «Падерборн»
«Аугсбург» - «Вольфсбург»
«Айнтрахт» - «Боруссия М»
«Хоффенхайм» - «Герта»
«Фортуна» - «Падерборн»
«Аугсбург» - «Вольфсбург»
«Айнтрахт» - «Боруссия М»