French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Футбол: Евро—2020 кездесулері толықтай Ресейде өтуі мүмкін
06:25 / 2020-11-03

Футболдан Еуро-2020 кездесулері толықтай Ресей жасыл алаңдарында өтуі мүмкін


Футболдан Еуро-2020 кездесулері толықтай Ресей жасыл алаңдарында өтуі мүмкін.

УЕФА 2021 жылға қалдырылған Еуро-2020 байрақты бәсекесін қайта қарастыруда. Le Parisien басылымының хабарлауынша, УЕФА турнирдің барлық матчтарын Ресейде өткізу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Өйткені бұл қазіргі әлемдік ахуалға орай жасалған ең тиімді шешім болуы мүмкін.

Коронавирустық пандемияға байланысты түрлі елдер мен қалалар түрліше шектеулер енгізуде. Мұндай жағдайда шекарадан өту де проблемалар туындатады. Соның оңтайлы шешімі ретінде ұйымдастыру комитеті Еуро-2020 футбол кездесулерін қауіпсіз болған аймақта өткізу жолын қарастыруда. Соның ең тиімді нұсқасы Ресей екендігі айтылған. Бірақ әзірше УЕФА бұл ақпаратты әлі растамаған.

Басылымның мәліметіне қарағанда Ресей 2018 жылы үлкен футбол жарысы, Әлем чемпионатын өткізгендігіне байланысты осы нұсқа қарастырылуы мүмкіндігін алға тартып, бұған дейін Ресей бұл жарысты пандемиялық жағдайға қарамай өзінде өткізуге дайын екенін білдірген.