Футбол: Еуро-2032 турнирін өткізуге Италия мен Түркия үміткер болды
Түркия футбол федерациясы Еуро-2028 немесе Еуро-2032 ойындарын өткізуге өтінім берді, ал Италия футбол федерациясы 2032 жылғы Еуропа чемпионатын өткізу құқығына үміткер атанды.
УЕФА баспасөз қызметі хабарлауынша, Түркия Еуро-2028-ді қабылдауға ортақ өтінім берген Ұлыбритания және Ирландиямен бәсекелеспек. 2028 жылы құрлық біріншілігін елде өткізу құқығы аламаған жағдайда, төрт жыл кейін өтетін турнирде итальяндықтармен бақ сынамақ.
УЕФА әкімшілігі алдағы бірнеше айдың ішінде әрбір өтінімді қарастырады, ал қазан айында Атқару комитеті 2028 және 2032 жылғы чемпионаттарды өткізу құқығына елдер үшін дауыс береді.