Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Футбол: Еуро-2020 турнирінің форматы қысқаруы мүмкін
12:55 / 2020-10-16

Еуропалық футбол қауымдастық одағы УЕФА Еуро-2020 футбол сайысы өтетін қалалар санын қыстартуды қарастыруда


Еуропалық футбол қауымдастық одағы УЕФА Еуро-2020 футбол сайысы өтетін қалалар санын қыстартуды қарастыруда.

«The Sun» басылымының хабарлауынша, УЕФА турнир матчтарын өткізетін қалалар тізімін қысқарту мүмкіндігін қарастыруда. Осылайша, ұйымдастырушылар коронавирустың таралу қаупін азайтуды мақсат еткен. Осы мәселе бойынша Еуро-2020 футбол турнирін қабылдау құқығынан айырылатын қалалардың тізімінде Санкт-Петербург және Баку қалалары орын алған.

2020 жылдың жазында өтуі керек болған Еуропа чемпионаты пандемия себеп келесі жылға ауыстырылды. Турнир 2021 жылдың 11 маусымы мен 11 шілдесі аралығында өтеді деп күтілуде. Алғашқы жоспар бойынша Еуро-2020 турнирі құрлықтың 12 қаласында өтуі керек еді. Олар Санкт-Петербург, Лондон, Мюнхен, Баку, Рим, Бухарест, Копенгаген, Амстердам, Бильбао, Глазго, Будапешт және Дублин қалалары.