Футболдан клубтар арасында өтетін үздік турнир Чемпиондар лигасы тарихында алғаш рет әйел төреші кездесу басқаратын болды.
УЕФА Чемпиондар лигасының 5-туры аясында Италияның «Ювентус» клубы 3 желтоқсан күні Туринде Киевтің Динамосын қабылдайтын матчты Стефани Фраппар бастаған француз төрешілер тобы басқаратын болған.
36 жасты Стефани Фраппарға осы кездесуде алаң шебінде Хишам Закрани мен Мехди Рахмуни көмектеседі. Төртінші төреші - Карим Обид. Сонымен қатар, Бенуа Мио мен Вилли Диладжо VAR-да жұмыс істейді.
Еурокубок ойындары Фраппарға ерекше жаңалық деп айту қиын, өйткені ол 2019 жылы Еуропа лигасының топтық кезеңі матчының («Лестер» — «Заря») бас төрешісі болған алғашқы әйел болды. Ол өзінің ерлер арасындағы футбол ойындарындағы дебютын 2019 жылғы Франция чемпионатында бастады.
Әйелдер футболындағы ең танымал төрешілердің бірі Стефани Фраппар 2019 жыл әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының финалы мен Еуропа чемпионатының жартылай финалында (2017) бас төреші болған.