French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Футбол: АПЛ биылғы маусымды Австралия алаңдарында аяқтауы мүмкін
13:14 / 2020-05-03

Маусымды аяқтау жөнінде кездесу өтіп чемпионаттың қалған кездесулерін Австралияның Перт қаласында аяқтау туралы ұсыныс ортаға тасталған


Коронавирустық пандемияға байланысты Англия Премер-лигасының биылғы 2019\20 маусымы жасыл құрлықты Австралияның жасыл алаңдарында аяқталуы мүмкін.

«The Sun» басылымы Премер-лига және клуб өкілдері арасында кездесу өтіп, маусымды аяқтау мәселесі талқыланды, деп жазады. Онда айтылуынша кездесуде футбол агенті Гари Уильямс Англия чемпионатының қалған кездесулерін Австралияның Перт қаласында аяқтау туралы ұсыныс жасап, маусымның соңына дейін ойыншылар қауіпсіз және жайлы жағдайлары болатынына сенім білдірген.

Уильямстың бұл ұсынысы АПЛ-дің кейбір футбол клубтары мен Австралия өкілдерінен қолдау тапқан. Тіпті оны Перт қаласының өкілі «егер осындай шешім қолдау тапса, өте жақсы болады. Перт Австралиядағы спорт әлемінің орталығы болып, таза ауа-райы мен тамаша табиғатты мекен», деп түсінік берген Глен Стерл.