Бразилия жасыл алаңдарында футболдан Америка кубогы ойындары басталды.
Тарихта 47 рет ұйымдастырылып жатқан құрлықтық турнирдің ашылу кездесуі «Бразилия ұлттық алаңында» өтті. Онда Бразилия құрамасы Венесуэлла командасын 3:0 ірі есепте жеңіп, үш ұпайға ие болды және топта көш бастады.
Осы күні тағы бір жұп, Колумбия және Эквадор құрамалары күш сынасты. Кездесудің 42 минутында колумбиялықтар сапындағы жартылай қорғаушы Эдвин Кардона соққан жалғыз гол Колумбияға жеңіс сыйлады.
Осылайша «В» тобында Бразилия мен Колумбия құрамалары алғашқы кездесуде нәтижелі ойын көрсетті.
Бүгін «А» тобындағы құрамалардың кездесуі өтеді. Онда Аргентина – Чили және Парагвай – Боливия матчы орын алған.
Еске сала кетейік, турнир 13 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді және оған екі топқа бөлінген 10 команда қатысуда. Азия құрлығынан шақырылған Австралия мен Қатар құрамалары жарысқа қатыспайтынын мәлімдеген.
«А» тобы: Аргентина, Боливия, Уругвай, Чили, Парагвай.
«В» тобы: Колумбия, Бразилия, Венесуэла, Эквадор, Перу.