Футбол агенттері Өзбекстанда аккредитациядан өткізіледі
Бұл аймақтық футбол чемпионаттарына ойыншыны таңдау мен іріктеуге септігі тиетін болады
Өзбекстанда футболды және жергілікті қауымдастықтар жұмысын дамыту үшін әлемдік футбол агенттері аккредитациядан өтеді.
22 мамырда қабылданған қаулыға сай, аймақтық футбол қауымдастықтарына талантты жас футболшыларды таңдау мен іріктеу жүйесін түбегейлі жетілдіру және футболға жеке инвестиция тартуды ұйымдастыру сынд талаптар ұсынылған. Соған орай «Спорт мектептерінің футбол лигасы» және «Кәсіби футбол мектептерінің лигасы» жарыстары Қарақалпақстан Республикасы, облыстар мен Ташкент қалалық спорт-бұқаралық ағарту күнтізбелік жобасына енгізіледі.
Онда кәсіби футболды дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалып, әр ауданнан аймақтық біріншілік жарысына қатысушы кем дегенде бір футбол командасы мен жарыс өтетін заманауи орталық стадионмен қамтамасыз етіледі.