English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Францияда алғашқы дәрігер коронавирустан қайтыс болды
22:21 / 2020-03-22

Денсаулық сақтау министрі Оливье Веранның LCI телеарнасына берген сұхбатында ол қаза болған дәрігер жөнінде жалпы мәліметтерді айтудан бас тартқан


Бүгін Францияда COVID-19 коронавирусы індетінен ауруларды емдеп шипа үлесемін деген алғашқы дәрігер қаза тапқан.

Денсаулық сақтау министрі Оливье Веранның LCI телеарнасына берген сұхбатында ол қаза болған дәрігердің отбасына көңіл айтып, дәрігер жөнінде жалпы мәліметтерді айтуды жөн көрмеген. Оның себебін отбасы мүшелерінің еркіне қайшы келіп және қазіргі қалыпты жағдайға байланысты медициналық құпия да екенін айтқан. Ал, Француздық BFM.TV телеарнасы дәрігердің Лилль университетіндегі ауруханада қайтыс болғанын хабарлаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Францияда коронавирус жұқтырған адамдардың саны 14 459 құрайды, ел аумағында бүгінге дейін 562 азамат қайтыс болған. Қазір елде екі апталық қатаң карантиндік бақылау жарияланған болып, кафе, мейрамхана, кинотеатр мен азық-түлікке жатпайтын дүкендер жабылған.