Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Франция президенті Беларусьтағы наразылықты қолдауын айтты
03:11 / 2020-08-17

Франция президенті Эммануэль Макрон Беларусьтағы болып жатқан наразылықты қолдауын мәлімдеп, Еуроодақ бейбіт шеруге қатысушыларға қолдау көрсетуді жалғастыруы керек деген


Франция президенті Эммануэль Макрон Беларусьтағы болып жатқан наразылықты қолдауын мәлімдеп, Еуроодақ бейбіт шеруге қатысушыларға қолдау көрсетуді жалғастыруы керек деген.

Макрон өзінің «Twitter-дегі» жазбасында «Еуроодақ бейбіт митинг кезінде өз құқықтарын, бостандықтары мен егемендігін сақтауға ұмтылған жүздеген мың белоруссиялықтарды қолдауын жалғастыруы керек», - деп мәлімдеген.

Минскіде жексенбі күні Беларуссияның қазіргі билігіне қарсы мыңдаған қарсыластардың бейбіт митингі өтті. Бұл наразылық акциясы бұған дейінгі өткен митингтердің ең ауқымдысы болды. Өйткені бұл митингке Александр Лукашенконың жақтастары да қатысты. Олар қазіргі билікке қарсы наразылық білдіргендерге қарсы митингке шыққан.