Франция мен Испания эпидемия басталғаннан бері алғаш рет ортақ шекараны ашты
Екі ел арасындағы қарым-қатнастың шектеуі 100 күнге жуық уақытқа созылды
21 маусымда Франция мен Испания Еуропада коронавирустық індет басталғаннан кейін ортақ шекараны ашып, елдер арасындағы жол қатынасын қалпына келтірілді.
Екі ел арасындағы шекарадан өтуге салынған тыйымды Испания түн ортасында алып тастаған. Франция болса 15 маусымда ЕуроОдақ азаматтарына шекарадан өтуге мүмкіндікті жасаған. Қазіргі уақытта «Пертюс» бақылау-өткізу пунктінде Францияға қарай көлік қозғалысы Испанияға қарағанда біршама жоғары екені байқалады.
ТАСС ақпарат порталының хабарынша, көптеген каталондықтар өздерінің жақындарын көру үшін Францияға сапар шеккен. Ал француздар Испанияға негізінен сауда жасау үшін жол алған. Көрші елде бірқатар азық-түлік өнімдері, соның ішінде ет арзанға түсетіні айтылады. Сондай-ақ Испаниядағы темекі мен косметика Францияға қарағанда әлдеқайда арзан.
Екі ел арасындағы қарым-қатнастың шектеуі 100 күнге жуық уақытқа созылды.