Франкфуртта Өзбекстан-Германия бизнес форумы өтті
Германия Федератив Республикасының Франкфурт қаласында екі елдің тоқыма, азық-түлік және құрылыс салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің қатысуымен Өзбекстан-Германия бизнес форумы өтті.
Аталған шара Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы, Өзбекстанның Германиядағы елшілігі және «MUSIAD Hessen e.V» ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды.
Форум барысында Өзбекстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Сонымен қатар, екі мемлекет арасындағы жүргізіліп жатқан реформалар мен қол жеткізілген келісімдердің нәтижелері талқыланды.
Бүгінгі таңда Өзбекстанда Германия капиталының қатысуымен 221 кәсіпорын жұмыс істеп тұр.
Форумның қорытындысында Өзбекстан мен Германия кәсіпкерлері өзара тиімді сауда келісімдерін жасау мәселелерін жан-жақты қарастырды.