Француздық велошабандоз «Джиро д'Италия» турнирінің бесінші кезеңінде жеңіске жетті
«Groupama-FDJ» командасының велошабандозы француз Арно Демар «Джиро д'Италия» көпкүндік веложарысының бесінші кезеңінде жеңіске жетті.
174 шақырымдық кезең Катания мен Мессина арасында болып, онда Демар қашықтықты 4 сағат 3 минут 56 секундта басып өтті. Колумбиялық Фернандо Гавирия (БАӘ - Team Emirates) екінші, итальяндық Джакомо Ниццоло (Израиль - Premier Tech) үшінші орынды иеленді.
Жалпы іріктеу бойынша Trek-Segafredo командасының велошабандозы испандық Хуан Педро Лопес көш бастап тұр. Екінші орында Bora-Hansgrohe командасының өкілі германиялық Ленард Кемна (39 секунд артта), ал Intermarche-Wanty-Gobert Materiaux командасынан эстониялық Рейн Таарамяэ үшінші (+0,58) орында.
192 шақырымдық алтыншы кезең Пальми мен Скалея қалалары арасында өтеді.