Француз теннисшісі теннис тарихындағы бірегей рекорд орнатты
Француз теннисшісі Адриан Маннарино әлемдік теннис тарихындағы бірегей рекорд орнатты.
Ол 35 жас 6 айлық кезінде ATP рейтингінің Топ-20 қатарында дебют жасады. Осы жағдаймен ол оңтүстік африкалық теннисші Клифф Дрисдейлдің рекордын жаңартты. Клифф 1974 жылдың сәуір айында 32 жас 10 айлық кезінде Топ-20 қатарына кірген еді.