Француздық MND France компаниясы халықаралық маусымдық «Чимган» курортының құрылысын бастауға дайын.
Uzbektourism сайтының хабарлауынша, «Белдирсой-Чимган-Нанай» халықаралық маусымдық демалыс орнын салу және пайдалану» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны тарапынан «Чимган туристік аймағы құрылыс» жобасы аясында жариялаған тендерді Францияның Montagne et Neige Développement (MND) компаниясы жеңіп алды.
Осыған орай Өзбекстан мен Франция арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысы аясында «Белдирсой-Чимган-Нанай» халықаралық маусымдық демалыс орнын салу және пайдалану жөніндегі жобалық кеңсе және француздық Montagne et Neige Développement (MND) компаниясы келісімге қол қойды.
Жоба аясында демалушыларды 2515 метр биіктікке апаратын аралық арқан жолы мен 3309 метр биіктікке көтерілетін 80 адамға арналған маятник типті негізгі арқан жолы салынады. Курорт Орталық Азия елдеріндегі осындай мүмкіндіктері бар ең биік нүктеге айналады. Сондай-ақ, мұнда XXL Zip line, Alpine coaster, Adventure Tower, Tubing, Via ferrata сияқты қысқы және жазғы аттракциондардың 20-дан астам түрі ұйымдастырылады. Жалпы ұзындығы 20 шақырымнан асатын әртүрлі деңгейдегі 11 тау шаңғысы курорты, 6000 туристке арналған қонақ үй кешендері мен коттедждер салынады.