Француздық Total Eren компаниясы Самарқанд облысында күн электр станциясын салатын болды.
Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің мәлімдеуінше, 10 мамырда Премьер-Министрдің орынбасары - Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умрзаков пен Францияның сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық министрі Франк Риестердің төрағалығымен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзбек-француз үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті.

Келіссөздер барысында Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі мен Францияның Сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық министрлігі арасындағы 2021-2030 жылдарға арналған екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың Жол картасы, 2021-2025 жылдарға арналған Француз Даму Агенттігімен ынтымақтастық бағдарламасы, «Белдерсай- Чимган-Нанай» Халықаралық маусымдық курортты құру жобасын қаржыландыру туралы қаржылық хаттамаға қол қойылды.
Сондай-ақ «Suez» компаниясы орындап жатқан Ташкенттегі сумен жабдықтау жүйесін жаңарту және басқару жобасын қаржыландыру туралы қаржылық хаттама, «Total Eren» компаниясы тарапынан Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі, Еуропалық Инвестиция Банкі және «Proparco» Францияның Даму Агенттігімен бірге Самарқанд облысында күн электр стансасын салу жөнінде қаржылық келісімге қол қойды, делінген хабарламада.

Кездесуге қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша энергетика, құрылыс материалдары, химия өнеркәсібі, фармацевтика мен басқа да салалардағы нақты жобаларды ұсынуға мүмкіндік алды.