Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Францияның Конституциялық кеңесі зейнетақы реформасы бойынша референдум өткізуге келіспеді
10:31 / 2023-05-04

Францияның Конституциялық кеңесі сәрсенбі күні солшыл парламентарийлердің 14 сәуірде осы орган бекіткен зейнетақы реформасына қатысты депутаттар мен сайлаушылардың бірлескен бастамасы бойынша референдум өткізу туралы өтінішін тағы да қабылдамады.

Deutsche Welle дерегінше, Конституциялық кеңес сәрсенбіде жасаған мәлімдемесінде ұсынылған референдум конституцияға сәйкес құқықтық критерийлерге сәйкес келмеді деп мәлімдеген.

Еске салар болсақ, осы жылдың қаңтар айынан бастап Франция үкіметі зейнет жасын 62-ден 64-ке көтеру туралы заң жобасын ұсынған еді. Бірақ француздар бұл қаулыға қарсы болып елде наразылық шараларын ұйымдастыруда.