Париж соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді Ливия ісіндегі жемқорлық бойынша айыпты санап, бес жылға бас бостандығынан айырды.
Бұл іс 2007 жылғы президенттік сайлаумен байланысты. Тергеу деректеріне сәйкес, Саркозидің төңірегіндегілер Ливия үкіметімен оның сайлауалды науқанын қаржыландыру туралы келісімге келген. Қаражат көлемі 50 миллион еуроға жетуі мүмкін,- деп жазады Le Monde баслымы.
Саркози тағылған айыптардың бір бөлігін мойындағанымен, оған тағылған жемқорлық және Муаммар Каддафидің қаражаты есебінен заңсыз науқан қаржыландыру айыптары алынып тасталды. Алайда ол «астыртын келісім» ісі бойынша кінәлі деп танылды.
Сот оның жақын серіктестері – бұрынғы министрлер Клод Гаян мен Брис Хортфёні де айыпты деп тапты.
Саркози апелляция шағымын беруге құқылы. Бұл үкімнің орындалуын бірнеше айға немесе тіпті жылдарға кешіктіруі мүмкін. Ол сот барысында өз кінәсіз екенін және істің саяси себептермен қозғалғанын мәлімдеді.
Ливия қаражатымен байланысты күдіктер алғаш рет 2011 жылы-ақ пайда болған. Сол кезде Ливан баспасөзі және Муаммар Каддафидің өзі Саркозиді қолдау үшін жасырын түрде миллиондаған еуро бөлінгенін айтқан.
Бұл – Саркозиге шығарылған үшінші үкім. 2024 жылы ол жемқорлық пен ықпал жүргізгені үшін айыпты деп танылған. Сондай-ақ, 2012 жылғы сайлау науқанына қатысты «Бигмалион» ісінде бір жылға бас бостандығынан айырылған еді.