Франциядағы сайлауда Макрон жеңіске жетті
Франциядағы президенттік сайлаудың екінші турында қазіргі президент Эммануэль Макрон көп дауыс жинады.
24 сәуірде өткен президенттік сайлаудың екінші турында сайлаушылардың 57 пайыздан астамы Эммануэль Макронға дауыс берген.
«Ұлттық қауымдастық» партиясының кандидаты Марин Ле Пен бұл кезеңде 42 пайыз дауыс жинады. Осыдан кейін Марин Ле Пен жеңілгенін мойындаған.
Сайлауға франциялықтардың 70 пайыздан астамы қатысқаны айтылады.