Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Франциядағы ең үлкен стадион вакцинация орталығына айналады
11:18 / 2021-03-24

Франция астанасы Париж қаласының шетінде орналасқан елдегі ең үлкен спорттық арена - Stade de France алаңы коронавирусқа қарсы кең ауқымды вакцинация орталығына айналады.

Онда вакцинация сәуір айының басында – стадион карантинге жабылып, қарапайым халықтың кіруіне рұқсат берілгеннен кейін басталады деп күтілуде. Жергілікті үкімет өкілі бұл аптасына 10 мың адамды вакцинамен қамтамасыз ететін нағыз «вакцинадром» болатынын айтқан.

1998 жылдағы Әлем Чемпионаты үшін арнайы салынған Stade de France алаңындағы вакцинация орталығында жоспар бойынша 120 адам жұмыс істйді.

Еуропа аймағында коронавирустың өршуіне орай бірнеше елдегі үлкен спорттық ареналар осы сынды коронавирустық вакцинация орталығы болады деп күтілуде. Олар қатарында Туриннің «Ювентус» клубының үй стадионы «Альянц Стэдиум», «Барселона» клубының «Камп Ноу» алаңдары бар.