Францияда зейнет жасын ұлғайту туралы заң парламент депутаттарының рұқсатынсыз қабылданды.
AFP басылымының хабарлауынша, Франция премьер-министрі Элизабет Борн зейнет жасын 62-ден 64-ке көтеру туралы заңның парламентте дауыс берусіз қабылданған.
Бұған дейін, 16 наурызда Франция сенаты даулы зейнетақы реформасы туралы заң жобасын мақұлдады, бірақ сол күнге жоспарланған Ұлттық ассамблеяда, парламенттің төменгі палатасында дауыс беру өткізілмеді. Бұқаралық ақпарат құралдары бұл жерде заң қолдау таппай қалуы мүмкін деген болжам жасаған болатын.
BFMTV арнасының хабарлауынша, үкіметке заң шығарушы органның келісімінсіз біржақты тәртіпте заңдарды қабылдауға мүмкіндік беретін заңды қабылдау үшін Франция Конституциясының 49-бабының 3-тармағы қолданылған.
Францияда зейнет жасын ұлғайту Эммануэль Макронның сайлау алдындағы уәделерінің бірі болып табылады. Шенеуніктер зейнеткерлік жасты алғаш рет 2019 жылы көтеруге тырысты, бұл қоғамдық наразылық тудырды және реформа Ковид пандемиясы жағдайында кейінге қалдырылды.
2023 жылдың қаңтарынан бастап Францияда зейнетақы реформасына қатысты жаңа пікірталас фонында мыңдаған наразылық шерулері өтіп жатыр. 7 наурыздағы шеруге 1,2 миллионнан астам адам қатысты, бұл шерулер басталғаннан бергі ең ауқымдысы.