Францияда XVI ғасырға тиесілі кеме табылды
Жерорта теңізінің Франция жағалауында XVI ғасырға тиесілі суға батып кеткен кеме судан шығарылды.
«Franceinfo» радиосының хабарлауынша, Прованс-Альп-Лазур өңіріндегі Раматуэль жағалауына жақын маңда жатқан, ұзындығы 30 метр, ені 7 метр болатын бұл кеме 2567 метр тереңдіктен көтерілген.
Осылайша ол Францияның аумақтық суларында табылған ең тереңде жатқан кеме ретінде тіркелді. Бұған дейінгі рекорд 2300 метр тереңдіктен Тулон маңынан көтерілген «Ла Минерв» суасты кемесіне тиесілі болған.