Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Францияда вакцина алмаған мыңдаған медицина қызметкері қызметінен шеттетілді
09:19 / 2021-09-17

Францияда 3 мыңға жуық дәрігерлер, медбикелер және басқа да медициналық қызметкерлер COVID-19 вакцинасынан бас тартқаны үшін уақытша жұмыстан шеттетілді.

BBC-дің хабарлауынша, елде қабылданаған заңға сәйкес вакцина ектіру барлық дәрігерлерге, өрт сөндірушілерге және қарттар үйінің жұмысшыларына міндетті болған.

Франция Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран жұмыстан шеттету вакцинацияға дейінгі уақытша шара екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, аталған мамандықтардың көптеген өкілдері коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алуға келіскен.

Бұл жағдай, Францияның кейбір қалаларында дәрігерлердің наразылығына ұласыты. Ниццада ауруханалардың бірінің вакцина алмаған 450 қызметкері демонстрацияға шыққан болса, оңтүстік Монтелимар қаласында дәрігерлердің жетіспеушілігіне байланысты жоспарланған операциялар тоқтаған.