Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Францияда террорлық қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі жарияланды
10:38 / 2024-03-25

Франция премьер-министрі Габриэль Аттал елдегі лаңкестік қауіп деңгейінің барынша жоғарылағанын мәлімдеді.

Sky News хабарлауынша, Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен кейін Франция президентә Елисей сарайында Қорғаныс және қауіпсіздік кеңесін шақырған.

«Ислам мемлекеті жасаған шабуыл туралы айыптауларды және біздің елге төніп тұрған қауіп-қатерді ескере отырып, біз өзіміздің лаңкестік қауіп-қатер деңгейін барынша жоғары – «төтенше террорлық қауіп-қатерге» көтеру туралы шешім қабылдадық», - деген Франция премьер-министрі.

22 наурыз күні кешке «Пикник» тобының концерті басталар алдында Мәскеу түбіндегі «Crocus City Hall» концерт залына белгісіз адамдар басып кіріп, концерт залының келушілері мен қызметкерлеріне оқ жаудырған. Соңғы мәліметтер бойынша, 137 адам қаза тауып, 182 адам жарақат алған.