Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Францияда коронавирустың төртінші толқыны басталғаны жарияланды
09:20 / 2021-07-20

Францияда коронавирустық пандемияның төртінші толқыны басталды. Вирустың таралуы алдыңғы толқындарға қарағанда жоғары жылдамдықпен өсуде.

Бұл туралы дүйсенбі күні Елисей сарайында министрлер кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте үкімет өкілі Габриэль Аттал мәлімімдеп, «Біз коронавирустың төртінші толқынына ендік. Вирустың таралу қарқыны алдыңғы кезеңдерге қарағанда жоғары», - деген.

Оның айтуынша, соңғы аптада коронавирустық инфекция елде екі есеге өскен. «Қазіргі уақытта бізде күніне шамамен 10 мыңға жуық ауру жағдайы тіркелуде», - деді Франция үкіметінің өкілі.

Атталдың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде анықталған жағдайлардың 80 пайызы вирустың «дельта» нұсқасына қатысты болған. Бұл штамм республиканың барлық аймақтарында тіркелген.