Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Францияда коронавирусты анықтайтын тест сатылымға шығады
00:31 / 2021-03-15

Францияда келесі аптадан ағзада коронавирустың бар-жоғын тәуелсіз анықтауға бейімделген тест сатылымға шығады.

Франция денсаулық сақтау департаментінің директоры Джером Саломон хабарлауынша, тестілерді дәріханалар мен супермаркеттерден сатып алуға болады. Мұндағы басты қиындық - оң нәтиже берген адамдар кіммен байланыста болғанын анықтау.

Оның айтуынша тест нәтижелерін жариялап отыру керек, әйтпесе бұл жаман нәтижелерге әкелуі мүмкін деген.

Биліктің сенбідегі мәліметіне сәйкес Францияда он екі айдан бері жалғасып келе жатқан эпидемия басталғаннан коронавирусты жұқтырудың 4 045 319 жағдайы тіркелді, оның 30 мыңы өткен тәулікте анықталған. Өткен жылдың наурыз айының басынан бастап инфекцияның салдарынан 90 315 адам қайтыс болды.