Францияда COVID-19-дың жетінші толқыны басталды
Францияда коронавирустың жетінші толқыны басталды.
Euronews мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде Францияда 147 мыңнан астам инфекцияның жаңа жағдайы расталды. Оның барлығында омикрон-штаммы анықталған.
Премьер-министр Элизабет Борн француздарды үй ішінде және қоғамдық көлікте тағы да бетперде киюге шақырды, дегенмен бұл әлі міндетті емес.
Үкімет басшысы сонымен қатар 60 жастан асқан қарт адамдарға коронавирусқа қарсы төртінші екпе алуға кеңес берген.
Пандемия басталғалы Францияда 30 миллионнан астам азамат індеи жұқтырып, оның 29 миллионнан астамы аурудан жазылып шыққан. Бүгінге дейін 150 мыңға жуық өлім жағдайы тіркелген.