Өзбекстан елшісі Нодир Ғаниев Францияның Elydan компаниясының Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры Пер Мершерзбен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Өзбекстанда «Яккабоғ-Қаршы» магистральды су құбырларын салу жобасын іске асыруды жеделдету және елде жоғары тығыздықтағы әрі сапалы полиэтилен өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Пер Мершерз Elydan компаниясының Өзбекстанмен ынтымақтастыққа қызығушылығы жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, компания басшылығы Францияның Eiffage компаниясы тарапынан жүзеге асырылып жатқан «Яккабоғ-Қаршы» магистральды су құбырларын салу және қолданыстағы су тарату инфрақұрылымдарын қайта жаңарту жобасына қатысуға қуанышты.
«Екінші кезеңде Elydan компаниясы Өзбекстанда жоғары сапалы полиэтилен өнімдерін өндіретін бірлескен кәсіпорын ашып, өнімдер экспортын Орталық Азия мен ТМД елдеріне бағыттау жоспарын әзірлеуде», деді Пер Мершерз.
Кездесу соңында өзара ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары анықталып, Өзбекстанда бірлескен жобаларды іске асыру туралы келісімге қол жеткізген.