Франция, Түркия және Греция Мариупольдан адамдарды эвакуациялауды жоспарлап отыр
Франция Түркия және Грециямен бірлесіп, Мариупольдегі адамдарды эвакуациялау үшін гуманитарлық операцияны жоспарлап отыр.
Коммерсант басылымының дерегінше, бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон Брюссельде өткен Еуропалық Одақ жиыны аясында.
«Мен жақын арада президент Путинмен сөйлесемін және біз Түркия және Грециямен Мариупольдан адамдарды басқа қауіпсіз жерге көшіру үшін гуманитарлық операция жүргізу мүмкіндігін талқылаймыз», - деді Макрон Брюссельдегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Путинмен келіссөздер алдағы 48-72 сағат ішінде өтеді.
Франция президенті Мариуполь мэрі және Украина үкіметінің өкілдерімен келіссөздер жүргізген. Өз сөзінде Макрон арнайы гуманитарлық операцияға басқа тараптарда да қосылады деп үміт білдірген.