Франция Сыртқы істер министрлігі елдің Судандағы елшілігінің келесі ескертуге дейін жабылатынын және әзірге Парижден жұмыс істейтінін хабарлады.
Дипломатиялық миссия бұдан былай Хартумнан кеткісі келетіндер үшін жиналатын орын болмайды, делінген министрлік коммюникеде.
«Франция Судандағы атысты тоқтатуға және саяси ауысу процесін қайта бастауға күш салуда. (...) Ол барлық тараптарды соғыс қимылдарын тоқтатуға, гуманитарлық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік беруге, бейбіт тұрғындарға қауіп төндірмеуге және саяси диалог жолына қайта оралуға шақырады», - делінген хабарламада.
Жексенбі күні ресми Париж Суданнан француздарды, оның ішінде дипломатиялық қызметкерлерді, сондай-ақ басқа Еуропа елдері мен Францияның серіктес мемлекеттерінің азаматтарын эвакуациялай бастады.
ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррел қазірдің өзінде 1000-нан астам Еуроодақ азаматы Суданнан эвакуацияланғанын хабарлады.