Франция соты футболшы әйелдерге хиджаб киюге рұқсат бермеді
Францияның жоғарғы әкімшілік соты – Мемлекеттік кеңес ислам дінін ұстанатын футболшы қыздарға хиджаб киюге тыйым салуды қолдады.
Reuters хабарынша, Франция футбол федерациясы (FFF) ойыншыларға ресми матчтарда, сондай-ақ өзі ұйымдастыратын жарыстарда хиджаб пен басқа да діни белгілерді киюге тыйым салады. Дегенмен бір топ футболшылар бұл тыйымға қарсы шығуды ұйғарды.
Сот орамалға тыйым салуды орынды деп тауып, спорт федерациялары жарыс кезінде ойыншылардан «жабдықты бейтарап ұстауды» талап етуі мүмкін деген қорытындыға келген.