Франция мен Өзбекстан авиация саласында кадрларды даярлау туралы келісімге қол жеткізді.
Ташкент мемлекеттік көлік университетінің делегациясы Францияның Тулуза қаласындағы Азаматтық авиация француз ұлттық мектебінде болып, ондағы оқу үдерісі, зертханалары, материалдық-техникалық базасымен танысты және оқу орнының басшылығымен Өзбекстанда биыл қарашада ашылуы жоспарланған Азаматтық авиация ұшқыштарының дайындық мектебінің оқу бағдарламасы мен бакалавр деңгейі бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Келіссөздер нәтижесінде Өзбекстанның Франциядағы елшісі Сардор Рустамбаев, Ташкент мемлекеттік көлік университетінің ректоры Одил Абдурахманов және проректор Баходир Тураев, Францияның азаматтық авиация ұлттық мектебінің проректоры Николас Касалис және ұшқыштар мектебінің директоры Терри де Баския кездесуде бастауыш ұшқыштарды оқыту туралы келісімге қол қойды.
Бұл құжатқа сәйкес, 18 жасқа толған, ағылшын тілінде IELTS сертификаты бар, арнайы медициналық тексеруден өткен, математика мен физикадан жазбаша емтиханды үздік тапсырған азаматтар Азаматтық авиациясы ұшқыш қызметіне өтініш бере алады. Оқу үдерісінің алғашқы екі жылы Ташкент мемлекеттік көлік университеті базасында, үшінші және төртінші курстар Франциядағы ENAC мектебінде өтеді.
Оқу аяқталған түлектерге Ташкент мемлекеттік көлік университетінің «Әуе кемелерінің ұшуын пайдалану» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі және азаматтық авиацияда ұшуға мүмкіндік беретін ATR лицензиясы беріледі. Оқу процесі толығымен ағылшын тілінде жүргізіледі.