Франция мектептегі шабуылдан кейін лаңкестік қаупінің ең жоғары деңгейін енгізді
Франция премьер-министрі Элизабет Борн Аррас қаласында шабуылдаушы мұғалімді пышақтап, үшеуін жаралаған соң елде террорлық қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі енгізілгенін хабарлады.
Қарулы шабуыл жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00 шамасында Аррас қаласындағы орта мектептердің бірінде болған.
«Қазіргі жағдайда, Аррастағы лаңкестік әрекеттен кейін мен қауіп деңгейін барынша арттыру туралы шешім қабылдадым», - деп жазды Э.Борн әлеуметтік желіде.