Франция «Ұлттар Лигасы» турнирінде чемпион болды
Футбол бойынша Франция құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасы турнирінің жеңімпазы атанды.
«Джузеппе Меацца» алаңында өткен кездесуде француздар Испания құрамасын 2:1 есебінде жеңіп, өз тарихында алғаш рет турнир жеңімпазы атанды.
2018 жылдан басталған турнирдің осымен екінші маусымы аяқталды. Ұлттар Лигасының алғашқы жеңімпазы Португалия саналады.