Франция 73 жастағы консервативті саясаткерді премьер-министрі қызметіне тағайындады
Франция президенті Эммануэль Макрон 73 жастағы консервативті саясаткер Мишель Барньені елдің премьер-министрі қызметіне тағайындады.
«Ол оған ел мен француз халқына қызмет ететін біріктіруші үкімет құруды тапсырды», — деп хабарлады Елисей сарайының баспасөз қызметі.
Тағайындау мемлекет басшысы мен Франциядағы негізгі саяси күштердің өкілдері арасындағы «бұрын сонды болмаған деңгейдегі кеңесулерден» кейін жүзеге асырылды.
Le Figaro газетінің мәліметінше, Барнье 35 жастағы Габриэль Атталдың орнына Франция үкіметіндегі ең егде басшы болды.