Францияның беделді «France Football» басылымы футбол тарихындағы үздік символикалық құрамасын жария етті.
Әлемнің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін 140 журналистің көмегінде жасақталған «Теңдесіз құрама» негізгі құрылымы мына футболшылардан құралған:
Қақпашы - Лев Яшин (КСРО);
Қорғаушылар - Паоло Мальдини (Италия), Франц Беккенбауэр (Германия), Кафу (Бразилия);
Жартылай қорғаушылар - Лоттар Маттеус (Германия), Хави (Испания), Диего Марадона (Аргентина), Пеле (Бразилия);
шабуылшылар - Криштиану Роналду (Португалия), Лионель Месси (Аргентина), Роналду (Бразилия).

Футбол тарихындағы үздік екінші команда құрамы: Джанлуиджи Буффон - Роберто Карлос, Франко Бареси, Карлос Альберто - Альфредо Ди Стефано, Франк Райкаард, Андреа Пирло, Зинедин Зидан - Роналдиньо, Йохан Кройф, Гарринча.
Үздік үшінші құрама команда: Мануэль Нойер - Пол Брейтнер, Серхио Рамос, Филипп Лам - Андрес Инеста, Диди, Йохан Нескенс, Мишель Платини - Терри Анри, Марко ван Бастен, Джордж Бест.