French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Фрацуздық спорт дәрігері допинг таратқаны үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
11:55 / 2021-12-01

Париж прокуратурасы спорт дәрігері Бернард Сайнсты заңсыз медициналық қызмет пен допинг қолдануға шақырды деп айыптады.

78 жастағы маман бұған дейін велоспортта допинг қолданғаны үшін екі рет сотталған (2014 жылы ол 1990-жылдары жасаған бұзушылықтары үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды), ал 2019 жылы - жаңа заңсыз әрекеті үшін тағы 12 ай сынақ мерзімі берілген.

Бірақ мұның бәрі Сайнс дәрігерге әсер етпеген секілді оған прокуратура тағы екі жылға бас бостандығынан айыруды және 30 мың доллар айыппұл салуды, сондай-ақ спорт пен денсаулық сақтау саласындағы жұмысына тыйым салуды талап етуде.

Хабарламада, тергеушілердің қолында 2016 жылы Сайнс велосипедшілерге заңсыз тыйым салынған препаратты қолдану туралы кеңес беріп тұрған жасырын камералардың жазбалары бар екені айтылған.