Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ФОТОРЕПОРТАЖ: Ташкент шаһары Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дайын
09:58 / 2025-12-26

Республиканың барлық өңірінде Жаңа – 2026 жылды лайықты қарсы алу үшін қызу дайындық жүргізілді.

Көше мен даңғылдарда, демалыс бақтарында мерекелік көңіл-күй орнаған. Қала мен аудан орталықтарында орнатылған мерекелік шыршалардың маңайында Жаңа жылдық салтанаттарды өткізуге қолайлы жағдай жасалды.

Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Жаңа жылдың негізгі мерекелік іс-шаралары бұл жолы да қаладағы Тәуелсіздік көшесінде орналасқан Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан ұлттық кітапханасының алдындағы алаңда 2025 жылғы 25 желтоқсаннан 2026 жылғы 10 қаңтарға дейін өтеді. Аталған орын мерекені жоғары деңгейде ұйымдастырып, келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлауға толықтай дайын.

[gallery-26887]

 

Н.Хайдаров, У.Хайитов (сурет), ӨзА