ФОТОРЕПОРТАЖ: Ташкент облысының табиғаты, таулары
Ташкент облысының табиғаты мен асқақ таулары – көздің жауын алатын көркемдігімен ғана емес, сан алуан өсімдіктері мен таза ауасымен де ерекшеленетін өлке.
Әсіресе Шымған тауы қыс мезгілінде ерекше сиқырлы әлемге айналады. Тянь-Шань тау жүйесінің құрамына кіретін Шатқал жотасының бөктерінде орналасқан бұл орын елдегі ең танымал тау-шаңғы курорты және демалыс аймағы саналады.
[gallery-27588]
Қыстағы келбеті аспан мен жер бір-бірімен астасып кеткендей көрініс жасап, қалың қар жамылған шыңдар табиғатқа айрықша көрік сыйлайды. Күн сәулесіне шағылысып жарқыраған қар ұлпалары тау көрінісіне ғажайып түс беріп, қыстың қайталанбас сұлулығын айшықтай түседі.
суреттерді түсірген А.АЛИЖОНОВ, ӨзА