Формула-1: Әзірбайжан Гран-приінде мексикалық пилот жеңіске жетті
Баку қаласында Әзірбайжан Гран-приінің 2023 жылғы маусымның алғашқы Формула-1 спринті аяқталды.
Баку теңіз жағалауы бульвары аймағында салынған қалалық жарыс жолында өткен сайыста «Ред Булл» пилоты Серхио Перес финишке бірінші келді.
Екінші орын Перестің командалас әріптесі Макс Ферстаппенге бұйырса, үздік үштікті «Феррари» пилоты Чарльз Леклер түйіндеді.
Турнирдің қорытындысы бойынша:
1. Серхио Перес «Ред Булл» 1:32:42.436
2. Макс Ферстаппен «Ред Булл» +2,137
3. Чарльз Леклер «Феррари» +21,217
4. Фернандо Алонсо «Астон Мартин» +22.024
5. Карлос Сайнц «Феррари» +45,491
6. Льюис Хэмильтон «Мерседес» +46,145
7. Лэнс Стролл «Астон Мартин» +51,617
8. Джордж Рассел «Мерседес» +1:14.240
9. Ландо Норрис «Макларен» +1:20,376
10. Юки Цунода «Альфа Таури» +1:23.862.