Формула-1 түрік Гран-приі осы маусымда Мугелло немесе Хоккенхайм трассасына ауысуы мүмкін.
Бұған Ұлыбританияның Түркия мемлекетін «қызыл аймаққа» қосуы себеп болды. Яғни, егер британдықтар Түркияға сапар шегетін болса, он күн бойы карантинде болуы керек. Осыған байланысты Түркия Гран-приі Италиядағы Мугелло немесе Германиядағы Хоккенхайм трассасына алмастыруы мүмкін.
Егер Түркия Гран-приі осындай жағдайда өтетін болса, команда қатысушылары карантиннен тек - Франция Гран-приге екі күн қалғанда ғана шығады. Auto-Motor-und-Sport хабарлауынша, F-1 басшылығы қазіргі кезде логистикалық мәселені шешудің бірнеше нұсқасын қарастыруда.
Биылғы маусымдық Түркия Гран-приі 11-13 шілде аралығында өтуі жоспарланған.
Бұған дейін Еуропа Чемпиондар лигасының финалдық матчы Түркиядағы эпиджағдайға байланысты басқа жерге көшірілуі мүмкін екені хабарланып, УЕФА кездесуді Лондон немесе Лиссабондағы алаңда өткізу жағын қарастырып жатқанын мәлімдеген.