Формула-1: Тарихта алғаш рет Қатар Гран-приі өтеді
Формула-1 спорттық автожарысы тарихында алғаш рет 72-ші әлем чемпионатының 20-шы кезеңі – Қатарда өтпек.
19-21 қарашаға жоспарлған Қатар Гран-приі «Лусаил» трассасында өтеді.

Қатар трассасы 2004 жылы Таяу Шығыста халықаралық автодром құрылысы кезінде салынған, бірақ әзірге ол тек MotoGP кезеңдерін ғана өткізген. 2023 жылдан бастап Қатар Гран-приі автожарыс күтізбесіне біржолата енгізіледі. Осыған орай «Лусаил» трассасымен 10 жылдық келісім-шарт жасалған.