Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Формула-1 спортшыларына жаңа марапат берілетін болды
12:01 / 2021-08-25

«Формула -1» басшылығы жарыс маусымында қарсылас пилоттан ең көп озып өткен жүргізушіге жаңа марапат беретін болды.

«Формула-1» мен srypto.com сайты бірлесіп ұйымдастырған жаңа номинация жеңімпазына арналған арнайы кубок маусымның соңында беріледі. 

«Бұл сыйлық жарысқа қатысушылардың табысқа жету жолында көрсеткен батылдығын марапаттауға арналған», - делінген «Ф-1» хабарламасында.

«Ф-1» мәліметі бойынша, қазіргі кезде Бельгия Гран-приі басталғанға дейін осы маусымда қуып өту саны бойынша «Астон Мартин» командасының пилоты Себастьян Феттель көш бастап тұр.