French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Формула-1: Оскар Пиастри Нидерландия Гран-приі жеңімпазы атанды
13:02 / 2025-09-03

2025 жылғы Формула-1 әлем чемпионатының он бесінші кезеңі Нидерландия Гран-приі Зандворт қаласына жақын орналасқан «Зандворт» автодромындаөтті.

Жарыста «McLaren» командасының жас пилоты Оскар Пиастри өз мансабындағы үлкен жетістікке қол жеткізіп, бірінші орынды иеленді. Жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі, «Red Bull» өкілі Макс Ферстаппен екінші орынды қанағат тұтты. Ал күтпеген жерден «Racing Bulls» командасының шабытты пилоты Исак Хажар сенсация жасап, үшінші орынды еншіледі.

Нидерландия Гран-приі нәтижесі (Top-17):

  1. Оскар Пиастри («McLaren»)
  2. Макс Ферстаппен («Red Bull»)
  3. Исак Хажар («Racing Bulls»)
  4. Джордж Расселл («Mercedes»)
  5. Александр Албон («Williams»)
  6. Оливер Берман («Haas»)
  7. Ланс Стролл («Aston Martin»)
  8. Фернандо Алонсо («Aston Martin»)
  9. Юки Цунода («Red Bull»)
  10. Эстебан Окон («Haas»)
  11. Франко Колапинто («Alpine»)
  12. Лиам Лоусон («Racing Bulls»)
  13. Карлос Сайнс («Williams»)
  14. Нико Хюлькенберг («Sauber»)
  15. Габриэль Бортолето («Sauber»)
  16. Андреа Кими Антонелли («Mercedes»)
  17. Пьер Гасли («Alpine»)

Жарысты аяқтай алмағандар қатарында Ландо Норрис («McLaren»), Шарль Леклер («Ferrari»), Льюис Хэмилтон («Ferrari») бар.