Формула-1: Нидерланды Гран-приінде Ландо Норрис жеңіске жетті
Формула-1 бойынша Нидерланды Гран-приі маусымның он бесінші кезеңі «Зандворт» трассасында өтті.
Онда «Макларен» пилоты Ландо Норрис жеңіске жетті. Екінші орынды «Ред Булл» өкілі Макс Ферстаппен иеленсе, үздік үштікті «Феррари» мүшесі Шарль Леклер қорытындылады.
1. Ландо Норрис («Макларен») – 72 айналым
2. Макс Верстаппен («Ред Булл») +22 896
3. Чарльз Леклер («Феррари») +25 439
4. Оскар Пиастри («Макларен») +27 337
5. Карлос Сайнц («Феррари») +32 137
6. Серхио Перес («Ред Булл») +39 542
7. Джордж Рассел («Мерседес») +44 617
8. Льюис Хэмилтон («Мерседес») +49 599
9. Пьер Гасли («Альпин») +1 айналым
10. Фернандо Алонсо («Астон Мартин») +1 айналым